Дамир Исмағұлов UFC экс-жауынгерін нокаутқа түсірді

Жекпе-жек
АиФ
Астанада өткен Alash Pride FC 108 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Дамир Исмағұлов (27-3) пен бразилиялық Алан Патрик (15-5) октагонда жолықты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және бес раундқа жоспарланған болатын. Алайда айқас екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, жеңісті Дамир Исмағұлов иеленді.
Осылайша, отандасымыз кәсіби мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізсе, Патрик бесінші рет жеңілістің дәмін татты.
Айта кетейік, екі спортшы да бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен: Исмағұлов ұйым аясында жеті жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеткен, ал Патрик он рет октагонға шығып, бес рет жеңіп, бес рет жеңілген.