Созақтың гір көтерушілері Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Созақтың гір көтерушілері Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Басқа

15–19 мамыр күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте гір тасын көтеруден жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Түркістан облысы, Созақ ауданының спортшылары 1 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль еншілеп, айрықша нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, жастар арасында 63 келі салмақта ұзын айналым бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен Бақыт Мақсатұлы қарсыластарынан оза шауып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Сондай-ақ, Әбілхан Асылбек, Сырым Құдайберген, Ержан Қабылбек, Өскен Тілеген, Ерсайын Қоңыратбай және Сұлтанбек Ермекұлы секілді жастар күміс жүлдеге ие болды.

Қола медальді Нұрдаулет Қанат, Нышанай Мейрамбай, Нұртас Қасымхан және Мағжан Тамабай қанжығалады.