Салах соңғы 10 ойының бірінде ғана гол соқты: «Ливерпульдің» үздік мергені АПЛ-да 28 голмен бірінші орында тұр

Салах соңғы 10 ойының бірінде ғана гол соқты: «Ливерпульдің» үздік мергені АПЛ-да 28 голмен бірінші орында тұр
Футбол

"Ливерпуль" ФК

Мохамед Салах «Ливерпуль» сапында соңғы 10 ойының тек бірінде ғана гол соққан, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

37-турдағы «Брайтонға» қарсы ойында (2:3) египеттіқ қанатты шабуылшы нәтижелі әрекет көрсете алмады.

11 наурыздан бері Салах «қызылдар» үшін барлық турнирлерде тек бір гол соқты – «Тоттенхэм» қақпасына. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде оның бір голдық пасы бар – «Вест Хэммен» ойында.

Дегенмен, Салах 28 голмен Англия Премьер Лигасының үздік мергені болып қалды. «Ньюкаслдың» Александр Исак 23 голмен екінші орында.