Қазақстан жасөспірімдер арасындағы таеквондо әлем чемпионатын 2-орынмен аяқтады

Басқа
ҰОК
БАӘ-нің Фуджейра қаласында өткен біріншілікте ұлттық құрама бес медаль жеңіп алды.
Хамзаальпер Ромашкин мен Жантөре Сағынғали әлем чемпионы атанса, Аятжан Әмірханов күміс жүлдегер атанды. Ал Алла Цой мен Аида Ғожалымова қола медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан 87 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.