«Астана» мен Қазақстан құрамасының футболшылары Дастан Сатпаевқа қалай қарайды – белгілі болды

kff.kz
«Астана» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров алматылық «Қайраттың» шабуылшысы, 16 жастағы Дастан Сатпаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты Championat.com сайтына сілтеме жасап.
— 16 жастағы қазақстандық жігіт Дастан Сатпаевтың «Челси» клубына ауысқанын естігенде алғашқы реакцияңыз қандай болды?
— Мақтаныш. Ол кезде әлі таныс емес едік. Кейін ұлттық құраманың жиынында таныстық — еңбекқор, тәрбиелі, ұқыпты бала, әкесінің тәрбиесі сезіліп тұр. Бізге «Сіз» деп сөйлейді. «Челсиге» ауысқанына қарамастан, өзін қарапайым ұстады. Ал футболшы ретінде — өте мықты: жылдам, доппен жұмыс істеуі, екі аяғымен де жақсы соққы жасай алады, ашылулары, шешім қабылдауы — 16 жастағы балаға тән емес деңгейде ақылды. Ұлттық құрамада 10 күндік жиын болды — бәріміз таңғалдық.
— «Челсидің» жанкүйері ретінде сізде әйгілі мемдегі кейіпкер сияқты сезім болған жоқ па: «Неге ол кетіп жатыр, мен емес? Мен қашан Египетке барамын?»
— Жоқ. Бұл — бүкіл Қазақстан үшін қуаныш. Бұл — Еуропаға кету мүмкін екенін көрсетіп тұр. Тек көп еңбектену, ойынды шын ниетпен сүю керек.