Криштиану Роналду Бахтиёр Зайнутдиновтың командаласы атануы мүмкін

Криштиану Роналду Бахтиёр Зайнутдиновтың командаласы атануы мүмкін
Футбол

«Бешікташ» ФК

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду «Бешікташқа» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz. сайты, Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

40 жастағы португалдық футболшының саудтық клубпен келісім шарты маусым аяғында аяқталады, сондықтан ойыншы басқа ұсыныстарды қарастыруды жоспарлап отыр. Оның қызметіне «Бешікташтың» бас бапкері Уле Гуннар Сульшер жеке қызығушылық танытады. Екеуі бұрын «Манчестер Юнайтедте» бірге жұмыс істеген. Сонымен қатар, Еуропада Роналдуды «Челси» және «Спортингпен» байланыстырып жүр, ал басқа ұсыныстардың арасында «Аль-Ахли» және «Лос-Анджелес» бар.

«Бешікташ» сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зәйнутдинов ойнайтынын атап өтейік.

Бұл маусымда Криштиану Роналду «Әл-Наср» үшін 39 кездесуде алаңға шығып, 33 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.