«Ордабасы» ФК ауа-райына байланысты матчты басқа күнге ауыстырды

«Ордабасы» ФК ауа-райына байланысты матчты басқа күнге ауыстырды
Футбол

«Тобыл» ФК Instagram-парақшасынан

Қазақстан Премьер-Лигасының 9-тур аясында өтетін «Тобыл» - «Ордабасы» матчы Түркістан облысында болған дауылды жағдайдан кейін белгісіз уақытқа ауысты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Kffleague.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бұл жағдай ойын қабылдайтын алаң иелеріне жақпай қалып, «Тобыл» футбол клубы өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазба жариялады.

«Тобыл» ФК матчтың басталуына 5 сағат қалғанда кәсіпкой клубтар жарыстарын ұйымдастыру дирекциясынан «Ордабасы» клубына қарсы ойынды форс-мажорлық жағдайларға байланысты белгісіз мерзімге ауыстыру туралы хат алғанын хабарлайды. Бұл ұйымдастыру жұмыстарына елеулі қиындықтар туғызды, өйткені матчты өткізуге көптеген мемлекеттік қызметтер мен өзге де құрылымдар алдын ала дайындалып қойған болатын. 
Біз ойынның бір күнге, яғни 19 мамырға ауыстырылуын қарастыруға дайын едік. Бұл «Ордабасы» клубына Қостанайға уақытылы жетуге және балама көлік құралдарын қарастыруға мүмкіндік берер еді. Өз тарапымыздан осы жағдайды шешуге көмектесіп, қарсылас команданың логистикасын жеңілдетуге барынша қолдау көрсетуге дайын болдық. 

Сонымен қатар, матчты соңғы сәтте ауыстыру - біздің жанкүйерлерімізге деген құрметсіздік. Билеттердің басым бөлігі сатылып кетті.

Біз «Ордабасы» клубының Қостанайға кешігіп келуін форс-мажорлық жағдай деп санамаймыз. Қарсылас команданың логистиканы алдын ала жоспарлауға мүмкіндігі болды. 

Құрметті қостанайлықтар! Билет сатып алған барлық жанкүйерлерге олардың ақшасы толық көлемде қайтарылады. Кез келген жағдайда бізді түсініп, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.