Ерасыл Қажыбаев - Grand Slam финалына шықты

Дзюдо
Қазақстан Дзюдо Федерациясы
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Қазақстан Дзюдо Федерациясына сілтеме жасай отырып.
+100 келі салмақ дәрежесінің ақтық сынында Қажыбаев жапон дзюдошысы Ота Хёгамен кездеседі.
Сонымен қатар -100 келі салмақ дәрежесінде Бекжан Байтас пен Марат Байқамұров екі қола жүлдеге күресу мүмкіндігін алды.
Финалдық белдесулер сағат 17:00-де басталады.