Самат Смақовтың «Жетісудан» кетуіне не себеп?

Футбол
KazFootball
Талдықорғандық «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов қызметінен кетеді, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің мәліметінше, жетінші турдағы «Тұранға» қарсы матчтың алдында облыс әкімдігі клуб басшылығы мен Смақовтың алдына алдағы екі ойында кемінде төрт ұпай жинау міндетін қойған. Алайда, «Тұранмен» тең (0:0) ойнаған «Жетісу» сегізінші турда «Оқжетпеске» 1:3 есебімен есе жіберді.
Осы нәтижелерден кейін Самат Смақов пен оның жаттықтырушылар штабы, сондай-ақ клуб директоры Марк Гурман командадан кетеді деп күтілуде.
Айта кетейік, биылғы маусымда «Жетісу» ҚПЛ-де бірде-бір жеңіске жете алмады.