ФИФА Роналдуға қатысты шешім қабылдады

ФИФА Роналдуға қатысты шешім қабылдады
Футбол

Sportbox

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 40 жастағы Криштиану Роналдуды клубтық әлем чемпионатына қатыстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

Marca басылымының мәліметінше, ФИФА тарапынан бұл бағытта нақты қадамдар жасалуы мүмкін. Алайда Роналду өнер көрсететін «Аль-Наср» клубы турнирге қатысушылар қатарында жоқ. Сауд Арабиясынан тек «Аль-Хиляль» командасы ғана жарысқа жолдама алған.

Клубтық әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді.

Айта кетейік, биылғы маусымда Роналду барлық турнирде 39 ойын өткізіп, 33 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Оның «Аль-Насрмен» жасасқан келісімшарты 2025 жылдың жазы аяқталғанға дейін күшінде. Transfermarkt порталына сәйкес, футболшының нарықтық құны – 12 миллион еуро.