Алонсо «Байерге» «Реалға» кететінін хабарлады. Бүгін ресми мәлімдеме жасауы мүмкін

Футбол
GETTY IMAGES
Хаби Алонсо «Байер» клубына маусым соңында қызметінен кететінін хабарлады, деп мәлімдейді Bassport.kz сайты.
Sky Sport журналисі Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, Леверкузен клубының бас бапкері маусым аяқталған соң орнын босататынын клуб басшылығына жеткізген.
Алонсо бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында өзі жариялауы мүмкін. Ол «Байерден» кеткен соң «Реал Мадрид» клубының тізгінін ұстайды деп күтілуде.
Испаниялық маман неміс клубын 2022 жылдың қазан айынан бері жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен «Байер» Германия чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды.