Ламин Ямаль үздік футболшыларды атады

Футбол
Әлеуметтік желі
Каталониялық «Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль қазіргі әлем футболындағы үздік ойыншылардың есімін атады, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
17 жастағы вингер «Барселона» ойыншыларын есепке алмаған жағдайда, ең жақсы өнер көрсетіп жүрген футболшылар ретінде «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле мен «Арсенал» ойыншысы Букайо Саканы ерекше атап өтті.
– Егер «Барселона» футболшыларын есепке алмасақ, қазір Усман Дембеле мен Букайо Сака өте жақсы ойнап жүр, – деді Ямаль Goal порталына берген сұхбатында.
Аталған маусымда Ламин Ямаль барлық турнирлерде 51 ойынға қатысып, 15 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының қазіргі нарықтағы бағасы – 180 миллион еуро.