Жаңа Рим папасы қай клубқа жанкүйер екені белгілі болды

Жаңа Рим папасы қай клубқа жанкүйер екені белгілі болды
Футбол

AFP

Жаңа Рим папасы Лев XIV - «Рома» футбол клубының жанкүйері.

Жақында Рим папасы болып америкалық Роберт Прево сайланды. Ол 21 сәуірде 88 жасында қайтыс болған бұрынғы Рим папасы Францисктің орнына келді. Франциск Аргентинаның «Сан-Лоренсо» клубының жанкүйері болған. 69 жастағы Прево Лев XIV есімін таңдады.

«Ол спортты жақсы көреді. «Рома» клубының үлкен жанкүйері. 
«Рома» мен «Фиорентина» арасындағы матчтан кейін онымен сөйлестім. Ол маған әзілдеп: «Романың жеңісі — Францисктің қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы кереметі» деді», — деді дін қызметкері Джузеппе Пагано.