Елдос Сметов жаңа лауазымға тағайындалуы мүмкін

Елдос Сметов жаңа лауазымға тағайындалуы мүмкін
Дзюдо

Сали Сабиров

Халықаралық дзюдо федерациясының төрешілер директоры Армен Багдасаров Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің аталған ұйымға қызметке келу мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Елдос Сметов — Олимпиада чемпионы, күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы. Егер ол бізбен жұмыс істесе, өте қуанышты болар едік. Бізде үлкен тәжірибе бар, бірақ көп чемпиондар бізбен жұмыс істегісі келмейді. Егер ол жұмыс істеуге дайын болса, тілді үйренсе, біз оны қандай да бір жауапты… осы… істерден бастаймыз. Ол бізбен бірге болса, қуанышты болар едік, — деді Багдасаров Халықаралық дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне.
Сметов — Қазақстанның ең атақты дзюдошыларының бірі, әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері. 2024 жылғы Олимпиададан кейін ол ағылшын тілін үйрену үшін Ұлыбританияға аттанған.