Ямал үшін тағы бір рекорд

Ямал үшін тағы бір рекорд
Футбол

"Барселона" ФК

17 жастағы Ламин Ямал каталондық "Барселона" үшін 100-матчын өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Ямал УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финал аясында "Барселона" 3-3 "Интер" матчында "көк-анарлар" үшін 100 матч өткізген футболшылар арасындағы рекордын жаңартты. 

Айтулы матч кезінде Ламинге не бәрі 17 жас 291 күн болған еді. Playmaker порталының хабарлауынша каталондықтар үшін 100 матч өткізген ең жас футболшы атанды. Дәл осы жетістікке жеткендердің қатарында екінші орында Пабло Гави жайғасты. Гави бұл жетістікке 19 жас 30 күнде жетті. Үшінші орында 100 матчын Боян Кркич 19 жас 2 ай 25 күнде өткізді.

Ламин Ямал "Барселона" үшін 2023 жылдың сәуір айында алғаш рет алаңға шықты. 2023/2024 маусымында "Испания" құрамасымен Еуропа Чемпионатын ұтып алды. 100 ойында испандық футболшы 22 гол соғып, 33 ассист жасады.

Осы маусымда Ямал өткізген 49 ойында 15 гол және 24 голдық пас жасады. Футболшының келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Transfermark порталының бағалауынша Ямалдың трансферлік бағасы 180 млн € тұрады.