Александр Чефериннің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Александр Чефериннің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды
Футбол

KFF

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман УЕФА президенті Александр Чефериннің елімізге жасаған сапарының басты мақсатын атады.

«Оның сапарының негізгі мақсаты – Қазақстанда 17 және 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатын өткізу. Бұл елдегі футбол инфрақұрылымын дамытуға үлкен серпін берер еді. Конгресті өткізу, сондай-ақ УЕФА Суперкубогының финалын қабылдау үшін өтінім беру – барлығы келісілді. Енді оң жауапты күтіп отырмыз», – деді Құрман өзінің YouTube-арнасында.

Айта кетейік, УЕФА басшысы Александр Чеферин Қазақстанға 2025 жылдың 25 сәуірінде ресми сапармен келген болатын. Сапар барысында ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Сондай-ақ, Чеферин Қазақстан футбол федерациясының басшыларымен де келіссөздер жүргізді.