Ризабек Айтмұхан Астанада тойын ұйымдастырды (ВИДЕО)

Күрес
Видеодан кадр
Еркін күрестен әлем чемпионы, Қазақстан намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді.
Спортшының қуанышына Астана қаласында өткен салтанатты тойда жақындары мен әріптестері куә болды.
Ризабектің таңдауы – Фируза есімді ару. Жаңадан отау құрған жұпқа жанкүйерлері мен спорт сүйер қауым шын жүректен бақыт пен татулық тілеп, әлеуметтік желілерде жылы лебіздерін білдіруде.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – Қазақстан құрамасының жетекші балуандарының бірі. Ол 2024 жылғы әлем чемпионатының (U20, U23) алтын жүлдегері, сондай-ақ түрлі халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап келеді.