«Қайрат» – ҚПЛ-дегі ең тәртіпсіз команда атанды

«Қайрат» – ҚПЛ-дегі ең тәртіпсіз команда атанды
Футбол

KazFootball.kz

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасындағы ең көп қызыл карточка алған команда ретінде антирейтингтің көшін бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Соңғы «Ордабасы» командасымен болған кездесуде «Қайраттың» екі ойыншысы алаңнан қуылды. – 80-минутта жартылай қорғаушы Дан Глэйзер екінші сары қағазын алып, қызыл карточкамен алаңнан кетті; – Ал 88-минутта Эдмилсон Сантос тікелей қызыл карточка алып, командасын тағы бір ойыншымен азайтты.

Осылайша, 15 турдан кейінгі көрсеткіш бойынша:

«Қайрат» – 5 қызыл карточка

«Атырау», «Ұлытау» – 4

«Қызыл-Жар» – 3

«Қайсар», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес» – 2

«Жетісу», «Тобыл», «Ақтөбе» – 1

«Астана», «Тұран», «Елімай» – бірде-бір қызыл карточкасыз.

Бұл статистика алматылық ұжым үшін дабыл қағарлық жайт. Тәртіпсіздік тек нәтижеге ғана емес, команданың имиджіне де кері әсерін тигізуі мүмкін.