Сабина Алтынбекова ажырасқаннан кейін әсерлі жазба қалдырды

Сабина Алтынбекова ажырасқаннан кейін әсерлі жазба қалдырды
Волейбол

Әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты ойымен бөлісті. Бұл туралы Basport.kz хабарлайды.  

— Ешбір ер адам да, әйел де өзінің қаншалықты мықты екенін білмейді, тек сынақ келгенде ғана аңғарады, — деп жазды Сабина Instagram желісінде, өз суретімен бірге жариялап.

Айта кетейік, бұған дейін Сабина Алтынбекова кәсіпкер Саят Салманұлымен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген болатын.

— Иә, мен ресми некеде болдым және қазір ресми түрде ажырастым. Бұл туралы көп сұрақ қойылып жатыр, осы жерден бұл тақырыпты жапқым келеді, — деген еді волейболшы.

Өткен маусымда Сабина Индонезияның «Yogya Falcons» клубы сапында өнер көрсетті.