Қазақстандық теннисші турнир жеңімпазы атанып, әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық теннисші турнир жеңімпазы атанып, әлемдік рейтингте жоғарылады
Теннис

Instagram

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияда өткен ITF W50 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Финалда Диас жергілікті теннисші Аяно Шимицуге қарсы ойнап, 6:4, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл - оның осы маусымдағы алғашқы, ал ITF турнирлеріндегі 11-ші титулы. Сонымен қатар, оның WTA деңгейіндегі ең ірі жетістігі - 2010 жылы Токиода өткен WTA 250 турниріндегі жеңісі.

Еске салайық, Зарина Диас жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін 2024 жылдың мамырында кортқа қайта оралған болатын.