Месси мансабын қай клубта аяқтайтыны анықталды

Футбол
BBC
Әлем футболының аңызы Лионель Месси кәсіби мансабын АҚШ-тың «Интер Майами» клубында аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы клубтың иесі, америкалық миллиардер Хорхе Мас хабарлайды.
Мессидің Флорида штатының клубымен қазіргі келісімшарты 2024 жылдың соңында аяқталады. Алайда Мас аргентиналық шабуылшының келісімін 2026 жылға дейін ұзартуға үмітті.
— Мен Лионель Мессиді 2026 жылы клубтың жаңа стадионында көретінімізге сенемін. Қазір біз оның клубтағы болашағы жайлы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ол мансабын аяқтағаннан кейін клубтың акционері болады. Ол клубты балаларына мұра ретінде қалдырғысы келеді. Біздің ара-қатынасымыз өте жақсы, өзара құрметке негізделген, — деді Хорхе Мас Futbol de Primera-ға берген сұхбатында
Еске салайық, Лионель Месси «Интер Майами» сапына 2023 жылы келіп, АҚШ футболына үлкен серпіліс әкелді.