Қазақстандық жұлдыз әлем чемпионын артта қалдырып, әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық жұлдыз әлем чемпионын артта қалдырып, әлемдік рейтингте көш бастады
Күрес

Olympic.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан намысын қорғайтын Жәмила Бақбергенова өз салмағында әлемдік рейтингтің көшін бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол қазіргі таңда Халықаралық күрес федерациясының (UWW) жаңартылған рейтингі бойынша өз салмақ дәрежесінде бірінші орынға көтерілді. Бұл – Қазақстан балуаны үшін үлкен жетістік. Жәмила әлем чемпиондарын артта қалдырып, өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

Бақбергенова бұған дейін де түрлі халықаралық турнирлерде жүлде алып, ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылардың бірі. Оның бұл табысы – 2024 жылғы ірі халықаралық додалар алдында Қазақстан құрамасы үшін зор мотивация.