Клопп «Реалды» жаттықтыруы мүмкін

Футбол
Getty Images
Бұрын «Ливерпуль» клубын басқарған неміс маманы Юрген Клопп, мадридтік «Реалда» бапкерлік қызметін жалғастыруы мүмкін, деп жазады BasSport.kz.
Қазіргі бас бапкер Карло Анчелотти маусым аяқталғаннан кейін клубтан кетеді деп күтілуде. Итальяндық жаттықтырушының Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері атануы ықтимал, өйткені жақында бұл қызметтен Доривал Жуниор босатылды. Дегенмен, Клопп та осы орынға үміткерлер қатарында.
Клопптың тағы бір нұсқасы – АҚШ құрамасын жаттықтыру. Қазіргі таңда команданы «Челсиден» кеткеннен кейін бас бапкерлікке тағайындалған Маурисио Почеттино басқарып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Юрген Клопп Red Bull компаниясының ғаламдық футбол бағытының жетекшісі қызметін атқарып келеді.