«Тараздан» трансферлік бан алынды

Футбол
ФК “Тараз”
«Тараз» футбол клубы бұрынғы шетелдік ойыншылар алдындағы барлық қаржылық мәселелерді реттеп, қарыздарын толық өтеді.
Клуб басшылығы халықаралық футбол ұйымдарының талаптарына сәйкес жағдайды шешу үшін қажетті қадамдарды жасады.
Барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін, ФИФА «Таразға» бұрын салынған трансферлік тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады. Енді клуб қайтадан толыққанды трансферлік жұмыстар жүргізе алады.