Freedom QJ League W-ге кімдер қатысады?

Футбол
Қазақстанда алғаш рет қыздар арасындағы Freedom QJ League W чемпионаты өтеді.
Бұл турнир 17 жасқа дейінгі футболшы қыздарға кәсіби деңгейде бақ сынауға мүмкіндік береді.
Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті QJ League-ге қыздар арасындағы республикалық чемпионатты ұйымдастыру және коммерциялық басқару құқығын беру туралы шешім қабылдады.
Дебюттік маусымда қатысатын командалар:
1. «Ақтөбе»
2. «Астана»
3. «Жетісу»
4. «Ертіс»
5. «Қайрат»
6. «Ордабасы»
7. «Тобыл»
8. «Шахтер»
Жарыс күнтізбесі кейінірек жарияланады.