Али Алиев: «Уэльспен матч алдында бір жолдастық ойын өткіземіз»

Али Алиев: «Уэльспен матч алдында бір жолдастық ойын өткіземіз»
Футбол

KFF

ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Али Алиев ұлттық команда тағы бір матч өткізетінін мәлімдеді.

«Біз бір бақылау ойынын өткізуді жоспарлап отырмыз – Уэльспен кездесуге дейін. Шақырылған жігіттер, әсіресе легионерлер бір-бірімен ойнап, өзара үйлесімділікті арттыруы керек – олар бірге көптен бері ойнаған жоқ», – деді Алиев.

Айта кетейік, наурыз айында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізеді. Алғашқы ойын 23 наурызда Астана уақытымен 00:45-те Уэльске қарсы өтеді. Екінші кездесу 26 наурызда Лихтенштейнмен болады (00:45). Екі матч та сырт алаңда өтеді.