Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Теннис

KTF

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингісінде 82-орында) АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті.

1/8 финалда Бублик АТР рейтингінде 83-орында тұрған австралиялық Ринки Хиджикатамен кездесіп, 6:2, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті. Ойын бір сағат 49 минутқа созылды.

Айта кетейік, келесі айналымда Александр француз Корентен Мутемен (79) кездеседі. Матч 14 наурызда астана уақытымен сағат 23:00-де өтеді. Бұған дейін қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында тағы бір австралиялық Александр Вукиді (64) жарыс жолынан шығарған болатын.