Қазақстан құрамасының көшбасшылары үстел теннисінен Алматыда өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді

Теннис
ҰОК
Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп жазады BasSport.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Чемпионат аясында командалық, жеке, жұптық және аралас санаттар бойынша медальдар сарапқа салынады.
Турнирге Қазақстан құрамасының көшбасшы спортшылары қатысады, олардың қатарында: Кирилл Герасименко (Астана), Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы), Сарвиноз Миркадирова (Алматы), Айдос Кенжіғұлов (Алматы), Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы), Әнел Бақыт (Алматы), Ырысбек Артықметов (Шымкент) және басқа да спортшылар.
Жарыстар 17-23 наурыз аралығында өтеді.