Қазақстандық клубтың бұрынғы басшысын Интерпол іздестіруде

Басқа
Шайба
Қазақстан Мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл ақпаратқа қатысты Сенаттағы брифингте түсініктеме берілді. Kazinform мәліметінше, Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев Интерпол арқылы іздеу жарияланғанын растады:
“Халықаралық іздеу әрдайым Интерпол арқылы жүргізіледі. Біздің құқық қорғау органдары мұны өз бетінше жасай алмайды. Интерполдың жүйесіне сәйкес, “қызыл бюллетень” жарияланып, содан кейін ұйым оны анықтап, хабарлайды”, – деді Чиндалиев.
Айта кетейік, 3 наурызда Антикор Арғын Нығматулинді іздеу тізіміне енгізген.
Ол 2006-2018 жылдары Қарағандының “Сарыарқа” хоккей клубының президенті болды. Бұрын Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарған.