Қазақстан құрамасының шорт-тректен 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды

ҰОК
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов Бейжіңде (Қытай) өтетін алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін атады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, құрамға он спортшы енген. Жүлде үшін Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева бақ сынайды.
Қазіргі уақытта ұлттық құрама Астанада әлем чемпионатына соңғы дайындықтарын жүргізіп жатыр. Команда 8 наурызда Бейжіңге аттанады.
Әлем чемпионаты 14-16 наурыз аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, өткен жылы әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын. Ол ересектер арасындағы әлем біріншілігінде шорт-тректен жүлде алған алғашқы қазақстандық атанған еді.