Әлем чемпионы: «Жәнібек Әлімханұлы - қорқақ! Ол менен қашып жүр»

Бокс
Әлеуметтік желі
WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес WBO және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы онымен айқасудан бас тартып, келісімшартқа қол қоймағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
“Ол – қорқақ. Өзі де, промоутері де. Оларды қалай басқаша атауға болатынын білмеймін. Біз оған жекпе-жек туралы келісімшарт жібердік, ол қол қойып, менімен жұдырықтасуы керек еді. Ол болса, әлі күнге дейін «маған келісімшарт жібер» деп сұрайды. Біз оған әлдеқашан жібергенбіз, бірақ ол қол қоюдан бас тартты. Бұл балапан тек айғайлай береді, бірақ қағазға қол қоюға батылы жетпейді. Ол менімен рингке шықса, спаррингте көргенінен де ауыр соққы алатынын біледі. Сондықтан қашып жүр”, – деді Адамес Broadway Joel арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Карлос Адамес ақпан айында өткен соңғы жекпе-жегінде британдық Хамза Ширазбен (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд) даулы тең нәтиже көрсеткен болатын.