Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс
ҰОК
9-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш жарысқа Қазақстаннан 12 боксшы қатысады, деп жазады BasSport.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың есімі төменде көрсетілген:
48 келі: Назым Қызайбай
50 келі: Алуа Балқыбекова
52 келі: Анита Адишева
54 келі: Жайна Шекербекова
57 келі: Карина Ибрагимова
60 келі: Виктория Графеева
63 келі: Аида Әбікеева
66 келі: Жасмин Кизатова
70 келі: Наталья Богданова
75 келі: Надежда Рябец
81 келі: Гүлсая Ержан
81 келіден жоғары: Елдана Тәліпова