Жәнібек Әлімханұлы “Канелоға” қатысты Турки Аль аш-Шейхке “шағымданды”

Бокс
TopRank
Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Riyadh Season бокс шоуларының ұйымдастырушысы, боксқа ірі инвестиция құйып жүрген Турки Аль аш-Шейхке үндеу жасады, деп хабарлайды Bassport.kz.
“Мен „Канелоның“ қарсыласы кім екенін білмеймін, бірақ менде екі чемпиондық белбеу бар. Неге ол менімен жұдырықтасқысы келмейді? Турки, маған „Канелоны“ беріңіздер, сонда керемет бокс көріп, таңғалатын боласыздар!” — деп жазды “Qazaq Style” Х әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Сауль „Канело“ Альварес 3 мамыр күні Эр-Риядта өтетін бокс кешінде кубиндық Вильям Скуллмен кездеспек. Ал Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астанада француз Анауэль Нгамиссенгемен жекпе-жекке шығады.