Александр Бублик Индиан-Уэлсте бірінші айналымда сүрінді

Теннис
Reuters
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (әлемнің 82-ракеткасы) АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэлс турнирінің алғашқы айналымында өнер көрсетті.
Алғашқы кездесуде Бублик жапониялық Есуке Ватанукиге (әлемнің 349-ракеткасы) 3:6, 6:3, 3:6 есебімен есе жіберді.
Ватануки екінші айналымда чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.