Александр Винокуровтың ұлы жол апатына түсіп, ауыр жарақат алды

Александр Винокуровтың ұлы жол апатына түсіп, ауыр жарақат алды
Велоспорт

XDS-Astana.com

XDS Astana Development Team командасы Грециядағы жарыстар сериясына дайындық кезінде Александр Винокуров мл. жол апатына түскенін хабарлады, деп жазады Bassport.kz XDS-Astana.com-ға сілтеме жасап.

Жаттығу барысында спортшы кенеттен бұрылыстан шыққан көлікпен соқтығысқан. Дәрігерлік тексерістен кейін оның оң жамбас мойыны сынғаны анықталды. Жақын күндері Винокуровқа жамбасына ота жасалады, содан кейін ол қалпына келу кезеңін жалғастыру үшін Францияға жіберіледі.

Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты. Команда спортшыға барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.