Болат Сариев «Астана» – «Қайрат» матчына бас төреші болып тағайындалды

Болат Сариев «Астана» – «Қайрат» матчына бас төреші болып тағайындалды
Футбол

KFF

Оралдық Болат Сариев Қазақстан Премьер-лигасының 1-турындағы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы кездесуді басқарады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Матч 2 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді және 18:00-де басталады.

Айта кетейік, «Қайрат» осыдан бір апта бұрын дәл осы алаңда «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленген болатын.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.