Семейде Бірінші лиганың «Төрттік финалы» өтеді

Футзал
4-5 наурыз күндері Семей қаласында футзалдан Бірінші лиганың «Төрттік финалы» өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz, Kazfootball-ға сілтеме жасап.
Ойындар «Абай Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жартылай финалда «Биосфера» мен «Омега», сондай-ақ «Алатау» мен ТЧЭ-14 өзара кездеседі.
Турнир жеңімпазы чемпиондық трофеймен қатар, келесі маусымда Премьер-лигада ойнауға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, өткен маусымда Бірінші лиганың чемпионы қарағандылық «Тұлпар» атанған еді. Финалда олар «Биосфераны» жеңіп, Премьер-лигаға жолдама алған болатын.