«Реал» көшбасшысына ұзақ мерзімді дисквалификация қаупі төніп тұр

Футбол
СЭ
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Испания чемпионатындағы «Осасунаға» қарсы матчта (1:1) төрешіні қорлады деген айыппен ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz.
Marca басылымының мәліметінше, Ла Лига регламентіне сәйкес, бас төрешіге, оның көмекшілеріне немесе басқа да ресми тұлғаларға тіл тигізген ойыншы 4-тен 12 матчқа дейін дисквалификация алуы мүмкін.
Алайда матчтан кейін «Реал» бас бапкері Карло Анчелотти мен Беллингемнің өзі төрешіге дөрекі сөз айтпағанын мәлімдеді.