«Астана» велошабандозы «Оман турында» үздік ондыққа енді

Велоспорт
Velolive
Сәрсенбі күні «Оман туры» көпкүндік веложарысы аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жарыс жеңімпазы француз Валентин Паре-Пинтре (Soudal Quick-Step) атанды. Екінші орынды британдық Адам Йейтс (UAE Team Emirates — XRG) иеленсе, үшінші сатыға тағы бір француз Давид Годю (Groupama-FDJ) көтерілді.
«Астана» командасының үздік нәтижесін Ваут Пулс көрсетті – ол жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады. Басқа шабандоздар мынадай нәтиже көрсетті: Хенок Мулубрхан – 25-орын, Антон Чармиг – 29-орын, Макс Кантер – 61-орын, Николас Винокуров – 97-орын. Ал Давиде Тонеатти жарысты аяқтай алмады.