Даулы қазақстандық төреші “Ливерпуль” матчына қазылық етеді

Даулы қазақстандық төреші “Ливерпуль” матчына қазылық етеді
Футбол

ҚФФ

Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Жастар лигасының 1/16 финалдық кездесуін басқарады, деп хабарлайды Bassport.kz.  

УЕФА ресми сайтының мәліметінше, “Штутгарт” пен “Ливерпуль” арасындағы матчты қазақстандық төрешілер тобы қадағалайды. Бас төреші – Бoлат Сариев, оның ассистенттері – Юрий Тихонюк пен Сергей Калачев. Ойын 11 ақпанда өтеді.  

Бoлат Сариевтің есімі Қазақстан футболында дау-дамайлармен танымал. 2024 жылдың қазан айында ол ҚПЛ-дің 17-турындағы “Астана” – “Атырау” матчынан кейін маусым соңына дейін шеттетілген. 

Бұған дейін, 2019 жылы, “Ордабасы” – “Шахтер” матчында Сариев 96-минутта күмәнді пенальти белгілеп, ҚФФ тарапынан маусым аяқталғанша жұмыстан шеттетілген болатын.