Азиада-2025: Қазақстан құрамасы үшінші алтыннан кейін медальдық есепте нешінші орында
![Азиада-2025: Қазақстан құрамасы үшінші алтыннан кейін медальдық есепте нешінші орында | BASSPORT Азиада-2025: Қазақстан құрамасы үшінші алтыннан кейін медальдық есепте нешінші орында](https://bassport.kz/storage/2025/02/11/eKW4VrCYXzd1XDQQnqsilzxT4Tb6wZCLhw7AJJ59.jpg)
Басқа
Big Asia
Бүгін, 11 ақпанда, Қазақстан спортшылары Харбинде (Қытай) өтіп жатқан қысқы Азиада-2025 жарысында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Фристайл-акробатикада Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев синхронды секіру жарысында чемпион атанса, биатлонда Владислав Киреев спринт сайысында топ жарды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде 13 медаль бар: 3 алтын, 6 күміс, 4 қола. Бұл нәтижемен еліміз медальдық есепте 4-орында келеді.
Азиада-2025 медальдық есебі (11 ақпан):
1. Қытай – 69 медаль (26 алтын, 23 күміс, 20 қола)
2. Оңтүстік Корея – 34 (12-12-10)
3. Жапония – 20 (5-5-10)
4. Қазақстан – 13 (3-6-4)
Қысқы Азия ойындары 14 ақпанда аяқталады.