Алматыда #АуылФутбол Алтын добының иегері анықталды

Алматыда #АуылФутбол Алтын добының иегері анықталды
Футбол

Ұйымдастырушы

25 қаңтар күні Алматыда АуылФутболAWARDS-2024 марапаттау рәсімі өтті.

#АуылФутбол жобасы Тимур және Динара Құлыбаевтардың қолдауымен құрылған Halyk қайырымдылық қорының аясында жүзеге асырылып, ауылдық аймақтардағы балалар футболының дамуына бағытталған.

#АуылФутбол Алтын добының иегері Данияр Ислам өз сезімімен бөлісті:

«Балалық шағымнан бастап футбол ойнауды жақсы көремін. Әлемдік жұлдыздарды үлгі тұтып, олардан шабыт алдым. Бүгін өзім де жеңімпаз атанып, сол арманымды жүзеге асырдым!»

2024 жылы #АуылФутбол жобасы үлкен нәтижелерге қол жеткізді:

16 аймақтан 114 команда, 4000-нан астам бала және 128 жаттықтырушы қатысты.

100 ауылдық жаттықтырушы Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, UEFA D санатын алды.

1000-нан астам ойыншы футбол формасымен қамтамасыз етілді.

14 өңірлік және республикалық финалдық турнир өткізілді.

Halyk қорының Алматы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов былай деді:

«Қорымыз ауылдық аймақтарда спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі. Балалардың спортқа, соның ішінде футболға деген қызығушылығын арттыру және тең мүмкіндіктер жасау үшін 500 миллион теңге бөлінді».

2016 жылы құрылған Halyk қоры 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсады. Қордың маңызды бастамаларының бірі – ауылдық аймақтарда балалар спортын дамытуға бағытталған #АуылФутбол бағдарламасы.