«Астана» футбол клубы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады

Getty Images
Елордалық «Астана» командасы жаңа маусымға дайындықты бастады. Вице-чемпиондар алғашқы оқу-жаттығу жиынын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізеді. Жиынға шақырылған ойыншылардың толық құрамы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Астана» командасының ОӘЭ-дегі оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар: Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен, Йосип Чондрич, Данила Карпиков, Мирас Амангелді;
Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Ян Вороговский, Александр Марочкин, Кипрас Кажуколовас, Санжар Ануаров, Бранимир Калаица, Карло Бартолец, Марат Быстров, Дмитрий Шомко;
Жартылай қорғаушылар: Макс Эбонг, Марин Томасов, Елхан Астанов, Назми Грипши, Нұралы Жақсылық, Станислав Басманов , Усман Камара, Арман Кенесов, Алекса Аманович;
Шабуылшылар: Рамазан Каримов , Джеффри Чинеду , Ннамди Аханону.
Айта кетейік, «Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындық аясында екі оқу-жаттығу жиынын да Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізеді.