АФК «Қайрат» бас директорсыз қалды

АФК «Қайрат» бас директорсыз қалды
Футзал

AFC KAIRAT

АФК «Қайраттың» бас директоры Әсем Құжанова өз қызметінен кетті, деп хабарлайды BasSport.kz Meta-ratings.kz- сайтында сілтеме жасап.

Маманның қызметінен кету себебі және оның орнына кім келетіні әзірге белгісіз.

Әсем Құжанова алматылық клубты 2014 жылдың сәуір айынан бері басқарды. Оның жетекшілігімен «Қайрат» келесі жетістіктерге қол жеткізді:

• УЕФА Чемпиондар лигасын 1 рет жеңіп алды;

• Қазақстан чемпионы атағын 9 рет иеленді;

• Ел Кубогын 10 рет жеңіп алды;

• Суперкубокты 8 рет ұтты.

Сонымен қатар, «Қайрат» халықаралық деңгейде де зор табыстарға жетіп, Masters Cup 2023, Әлем Суперкубогы 2014 турнирлерінде жеңіске жетіп, Еременко Кубогын 4 рет иеленді.