Қазақ боскшысы «Канелоның» ерекше қарым-қатынасы жайлы айтты

Қазақ боскшысы «Канелоның» ерекше қарым-қатынасы жайлы айтты
Бокс

Getty Images

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбет (13-0, 11 КО) Сауль «Канело» Альварестің командасына қалай қосылғанын айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz SPORT+ сілтеме жасап.

— Suleimen Promotion жабылғаннан кейін, бізді қолдаған команда тарқап кетті. Осыдан соң «Канелоның» бапкері Instagram арқылы маған хабарласып, олардың командасына келуді ұсынды. Мен Сан-Диегоға барып, Канеломен және басқа да мексикалық жігіттермен бірге жаттыға бастадым, — деді Бек.

Сонымен қатар, боксшы Америкадағы жекпе-жектерін кім ұйымдастырып жатқанын айтты:

— Мен Канелоның салмағында өнер көрсетемін. Ол әлемдік рейтингте бірінші орында, ал мен 14-ші орындамын. Олар менен үміт күтетін сияқты. Менің менеджерім жоқ, сондықтан Канелоның бапкері Эдди Рейносо жекпе-жектерді ұйымдастыруға көмектесіп жүр, — деп бөлісті қазақстандық боксшы.