Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен UWW ұйымдастырған халықаралық жиынға қатысуда

Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен UWW ұйымдастырған халықаралық жиынға қатысуда
Күрес

ҰОК

Үндістанда Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымдастырған әйелдер күресі бойынша халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Жаттығуға U20 және U23 командалары қатысуда. ОЖЖ бағдарламасына тәжірибелі спортшылар мен бапкерлермен жаттығу, озық әдістер, стратегия және фитнес бойынша сабақтар, сондай-ақ жарақаттардың алдын алу, дұрыс тамақтану және қалыпқа келу туралы тақырыптық семинарлар кіреді.

Айта кетейік, жиын қатысушылары үшін Канаданың олимпиада чемпионы Эрика Уибемен шеберлік сабағы ұйымдастырылады.

Қазақстан атынан оқу-жаттығу жиынына Ұлдана Тілеухан, Медина Қуанышбек, Ақбота Закишханова, Махаббат Тайғұлынова, Іңкәр Ерғали және бапкер Дәулет Нұрғожа қатысуда.