Александр Шевченко Автралия Ашық чемпирнатының бірінші кезеңінен сүрінді
ҰОК
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Австралияның Ашық чемпионатының фавориттерінің бірі, әлемнің үшінші ракеткасы Карлос Алькарасқа жол берді, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport+ ке сілтеме жасап.
Матч 6:1, 7:5, 6:1 есебімен испандық спортшының пайдасына аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 54 минут өткізді. Бұл уақыт ішінде қазақстандық спортшы төрт брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды, бірақ эйс немесе қос қателік жасамады. Алькарас екінші айналымда жапондық Ешихито Нисиокамен кездеседі, ол алғашқы матчында тунистік Азиз Дугазды жеңді.
Шевченко жарыстан шығып қалғаннан кейін, ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан тек Александр Бублик қалды. Ол 14 қаңтарда аргентиналық Франсиско Серундоломен кездесу арқылы турнирді бастайды.