“Жеңіс” жаңа ойыншымен келісімшарт жасасты

“Жеңіс” жаңа ойыншымен келісімшарт жасасты
Футбол

ФК “Каспий”

«Жеңіс» футбол клубы 26 жастағы шабуылшы Аслан Әділмен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады BasSport.kz. 

 Аслан Әділ 1998 жылы 13 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген және жергілікті футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Ол кәсіби мансабын 2018 жылы «Жетісу» футбол клубының қосалқы құрамында бастаған. 

 Өз мансабында Аслан «Жетісу», «Каспий» және «Атырау» клубтарында ойнап, Қазақстан Кубогы мен ел чемпионатының жоғары дивизионында 100-ден астам матч өткізген. 

 Сондай-ақ футболшы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырылған.