Елдос Сметов: «Бір қазақтың қолынан келгенін, екінші қазақ та жасай алады»
Дзюдо
ҰОК
Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов алдағы төрт жылдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Қазір 32 жастамын, ал келесі Олимпиадада 35-36-да боламын. Жасымның үлкендігіне байланысты медаль алу мүмкін емес деген үмітсіздікке бой алдырмау керек. Бұған дәлел — 35 жасында Олимпиада финалына шыққан Демеу Жадыраев. Бір қазақтың қолынан келгенін, екінші қазақ та жасай алады. Менің мақсатым — жасқа қарамай, жеңіс жолын жалғастыру. Бұл арқылы жастарға ештеңенің мүмкін емес екенін дәлелдегім келеді», – деді Елдос «24.kz» арнасына берген сұхбатында.