Ғұсман Қырғызбаев дзюдодағы жаңа ережелер туралы: “Енді тек жігітше күрестер болады” (ВИДЕО)

Ғұсман Қырғызбаев дзюдодағы жаңа ережелер туралы: “Енді тек жігітше күрестер болады” (ВИДЕО)
Дзюдо

ҰОК

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев дзюдодағы жаңа ережелер туралы ойымен Bassport.kz тілшілерімен бөлісті.

Спортшының айтуынша, енгізіліп жатқан өзгерістер дзюдоны одан әрі тартымды ете түспек.

– Бұрын жоқ болып кеткен “юко” ұпайы қайта енгізіліп жатыр. “Юконың” оралғаны дұрыс болды, – деді ол.

Сонымен қатар, шабуылға берілетін 30 секунд ережесіне қатысты Қырғызбаев оң бағасын берді:

– Енді қызық күрестер болады деп ойлаймын. Енді тек жігітше күрестер болады. Өзіме осы ереженің ауысқаны қатты ұнады, – деді дзюдошы.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған “Үздік” атты салтанатты шарасына қатысқан болатын.